Елбасы Ресей президентімен кездесті
Елбасы Ресей президентімен кездесті
© inbusiness.kz
269
оқылды
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Твиттер-дегі парақшасында хабарлады.
«Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің «тет-а-тет» форматтағы кездесуі басталды. Келіссөз бойынша толығырақ ақпарат http://Elbasy.kz сайтында жарияланады», – делінген хабарламада.
Кеше Елбасы Ресей Федерациясы президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін келді.