Алматыда баланы бір топ бала ұрған балабақша тәрбиешілері жұмыстан кетті
Алматыда баланы бір топ бала ұрған балабақша тәрбиешілері жұмыстан кетті
Фото: astana.gov.kz
567
оқылды

Оқиға Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №58 балабақшада болған. Жапа шеккен балаға психологиялық көмек көрсетілді, – деп жазады zakon.kz.

Балабақшада қатарластарынан таяқ жеген баланың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видеода бір топ бала бір баланы ұрғаны анық көрінеді. Осы оқиғадан соң Алматы қалалық білім басқармасы тәрбиеші мен балабақша меңгерушісін жұмыстан босатты.
«Әуезов ауданының мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бөлімінің басшысы мен білім бөлімінің басшысына қатысты қол астындағыларды бақылауды әлсіретіп алғаны үшін тәртіптік жаза қолданылды», – деді басқарма өкілі.
Зардап шеккен 2017 жылғы балаға психологиялық қолдау көрсетілді.

Бұған дейін Алматы қаласында балаларды ұрып-соққан тәрбиеші өзіне-өзі қол жұмсап көз жұмған болатын.