Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында күміс медаль иеленді

Шахматшы Бибісара Асаубаева Варшавада өткен әлем чемпионатында күміс жүлде иеленді. Бұл туралы Шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов Facebook-тағы парақшасында жазды.

  Осы додада жоғары нәтиже көрсеткен Әсел Серікбай 5-орын алды.

Бұған дейін шахматшы Динара Сәдуақасова әлем чемпионатында жүлдеге ие болғанын хабарлаған болатынбыз.