Шахматшы Динара Сәдуақасова әлем чемпионатында жүлдеге ие болды
Шахматшы Динара Сәдуақасова әлем чемпионатында жүлдеге ие болды
Фото: kazchess.kz
254
оқылды

Ол әйелдер арасындағы ФИДЕ (FIDE World Women’s Team Championship) командалық әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Динара Сәдуақасова жеңісі туралы Facebook-тағы парақшасында жазды.

Испанияда өткен FIDE World Women’s Team Championship-ке 12 елден әйелдер құрамасы қатысты. АҚШ, Әзербайжан, Армения, Германия, Грузия, Үндістан, Испания, Қазақстан, Польша, ФШР (Ресей), Украина және Франция елдерінің құрамасы өзара мықтыны анықтады.

«Командалық жарыста топтың жалпы нәтижесіне басымдық беріледі. Қазақстан жүлдеге ие болғанына қуаныштымын», – деп жазды Динара Сәдуақасова.

Сондай-ақ жарысқа Жансая Әбдімәлік, Меруерт Камалиденовалар қатысты.