Жүргізушілер бір-біріне жол бермей, 4 жүк көлігі соқтығысты
Жүргізушілер бір-біріне жол бермей, 4 жүк көлігі соқтығысты
Фото: polisia.kz
176
оқылды

Ақтөбе облысының тұсында Самара-Шымкент тасжолында 4 жүк көлігі соқтығысты.

Жол ауа райының қолайсыздығынан тайғақ болған. Жол апатын салдарынан бір көлік жүргізушісі зардап шекті. Апаттың негізгі себебі, жүк көлігі жүргізушілерінің менмендігі, бір-біріне жол бермегені болып отыр. Полицейлер күрежолдың бойында сақ болуды ескертеді.

Бұған дейін Алматы облысында автобуспен бетпе-бет соқтығысқан жеңіл көліктегі үш адам қаза тапқанын жазған болатынбыз.