Шетелдіктер Қазақстанда 65 адамды өлтіріп, 16 балаға зорлық көрсеткен

Шетелдіктер Қазақстанда 65 адамды өлтіріп, 16 балаға зорлық көрсеткен

Қазақстанда жүрген шетелдіктер 65 адамды өлтіріп, 16 балаға азғындық жасаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов айтты, – деп хабарлайды AstanaTV.

Ерлан Смайловтың айтуынша, 5 жылда Қазақстанға 20 мыңнан астам шетелдік келген.  Олар жасаған қылмыстың көптігі бақылауды күшейтуді талап етеді. Шетелден келген 400 мыңға жуық адам жауапқа тартылған.

Мәжіліс депутаты Ерлан Смайлов: «Шетелдіктер 5 жылда 11 мыңға жуық қылмыс жасады. Оның ішінде, 65-і адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру – 249, зорлау – 156, балаларға азғындық жасаған 16 факті бар», – деді.

Бұған дейін Жамбыл облысында екі әйелді өлтірген Өзбекстан азаматының мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.