Қазақстан темір жолы қауіпсіздік үшін рейд өткізіп жатыр
Қазақстан темір жолы қауіпсіздік үшін рейд өткізіп жатыр
219
оқылды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ көлік полициясы және әскерилендірілген теміржол күзеті қызметкерлерімен бірлесіп, теміржолдағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша рейдтер жүргізуде. Бақылау мектеп демалысы мен мереке күндері күшейтіледі.

«Мұндай алдын алу шаралары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Біз азаматтарға теміржол – қауіптілігі жоғары аймақ екенін, қауіпсіздік шараларын сақтамау жазатайым оқиғаларға әкеп соқтырарын тағы да түсіндіреміз. Өкінішке қарай, біздің бірлесе қабылдаған күш-жігерімізге қарамастан, адамдар арнайы жабдықталған өткелдер мен көпірлерді елемей, рұқсат етілмеген жерлерде теміржолды кесіп өтуді, вагондардың астымен жүруді жалғастыруда. Егер үлкендердің өздері немқұрайды қарап, теріс үлгі көрсетсе, балалар туралы не айтуға болады, – дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ қауіпсіздік жөніндегі директоры Марат Шәкенов.

Ол әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатайтып, тәртіп бұзушылар үшін айыппұлды көбейту қажет деп есептейді. Бүгінгі күні белгіленбеген орындарда теміржол арқылы өткені үшін 3 АЕК айыппұл салынады.