Нұр-Сұлтанда үш адам отшашудан зардап шекті
Нұр-Сұлтанда үш адам отшашудан зардап шекті
PHOTO / NIKOLAY DOYCHINOV (Photo credit should read NIKOLAY DOYCHINOV/AFP/Getty Images)
171
оқылды
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті отшашудан үш адам зардап шеккенін хабарлады.
"Пиротехника заттарын абайлап пайдаланбаудың салдарынан үш адам зардап шекті. Олардың екеуі – бала", - делінген ресми хабарламада.
Елорда полициясының бастығы Ержан Сәденовтің айтуынша, жаңа жыл түні жалпы алғанда тыныш өткен. Ауыр және аса ауыр қылмыстарға жол берілген жоқ.
"Бір тәулік ішінде 9 қылмыс тіркелді. Соның алтауы ашылды. Полицияның "102" шұғыл шақыру пультіне азаматтардан 2 мыңға жуық қоңырау келіп түсті.  Көбісі жол қозғалысы ережесін бұзу, түнгі тыныштықты бұзу және отбасылық жанжалға қатысты шағым айтты", - дейді Сәденов.
Астана жолдарында 73 жол апаты тіркелді, жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ. Бір мас жүргізуші ұсталды. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. "Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, заңсыз әрекеттер жасамаңыздар, жол ережесін сақтаңыздар, жолда абай болыңыздар. Балаларға отшашуды өздігінен қолдануға рұқсат бермеңіздер. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!",- деп атап өтті полиция басшысы.