1 қаңтарда 102 пультіне белгісіз жаннан Ақтау халықаралық әуежайы мен Ақтау теңіз сауда портына жарылғыш зат қойылған деген хабарлама келіп түскен.
Аталған факті бойынша облыстың мемлекеттік органдарының барлық қызметтері жұмылдырылды. Азаматтар мен қызметкерлер эвакуацияланған.
"Тексеріс кезінде жарылыс қаупі бар зат табылмады. Барлық нысанның жұмысы штаттық режимде қайта басталды", - деді көліктегі полиция мамандары Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Қазіргі кезде жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталып кетті.
https://www.youtube.com/watch?v=iPf-R6GFBnc&feature=emb_title
Айта кетері, Қазақстанда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылған. Ол шамамен 14,5 миллион теңге болады немесе осы көлемде түзеу жұмыстарына тарту, сондай-ақ 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру, я болмаса, осы мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылады.