Кейптаунда орналасқан ОАР парламенті ғимаратында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаланың өрт-құтқару қызметі басшысы Джермейн Карелстің айтуынша, төтенше жағдай жөніндегі қызметке өрт туралы хабарлама жергілікті уақыт бойынша 05.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 09.00-де) түскен. News24 мәліметінше, қазір оқиға орнында бірнеше
өрт сөндіру бригадасы өртті ауыздықтауға тырысып жатыр.
"Температура жоғары екенін көруге болады. Сондай-ақ, ғимараттың кейбір жерлері бүлінді, құлауы да мүмкін", - деді Карелс.
Twitter-де блогер Ulrich van Vuuren оқиғаның видеосын жариялады.