Таразда бас шырша өртенді
Таразда бас шырша өртенді
Коллаж: Тengrinews.kz
522
оқылды

Таразда алаңға орнатылған бас шырша өртеніп кетті. Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 қаңтарында сағат 00.06 шамасында болған.

Әуелі әлеуметтік желіде шыршаның өртеніп жатқан видосы тарап кетті. Оны куәгерлер түсірген.
"2022 жылдың 1 қаңтарында сағат 00.06-да Тараз қаласындағы Арбат алаңында 15 шаршы метр аумақта жасанды жаңажылдық шырша өртенді. Өрт сағат 00.15-те оқшауланып, сағат 00.20-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт шыққан жерге  ТЖД-ның 14 қызметкері мен төрт техникасы барды", - деді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от TARAZ | Онлайн Тараз • 2022 (@onlinetaraz)