Бибісара Асаубаева шахматтан әлемдік рейтингте көш бастады
Бибісара Асаубаева шахматтан әлемдік рейтингте көш бастады
146
оқылды

17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 20 жасқа дейінгілер арасында блиц және рапид бойынша FIDE әлемдік рейтингінде көш бастап тұр. Шахматшы блиц-шахматтан әлем чемпионы және рапид бойынша вице-чемпион атанған.

Әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте Бибісара Асаубаева блиц-шахматтан 10-орын, рапид бойынша 19-орын, классикалық шахматта 33-орын алды.

30 желтоқсанда Асаубаева ресейлік Александр Горячкинді жеңіп, блиц бойынша әлем чемпионы атанды. Әлем чемпионаты Варшавада 25-30 желтоқсан аралығында өтті.