Белгілі сарапшы Андрей Чеботарёв FINANCE.kz телеграм арнасында Қазақстандағы сұйытылған газ бағасын әлем елдерімен салыстырып, елімізде ең төмен баға екенін көрсетті.
Бүгінгі таңда Қазақстанда сұйытылған газ бағасы өңірлер ішінде және әлем елдерімен салыстырғанда ең төмен баға.
(27 желтоқсандағы сұйылтылған газға Global Petrol Prices мәліметі, литр/теңге).
Энергетика министрлігінің мәліметінше, мұнай газын электрондық сауда-саттық арқылы өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және кемсітпейтін жағдайлар жасайды және СМГ-ның қажетті көлемдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді.
"Биржа сауда-саттық жағдайында литріне 60 теңге бағаны қайтару түсініксіз. @FINANCEkaz Қазақстан нарықтық экономика жағдайында өмір сүріп жатқанын ескертеді. Бұл жағдайда бағаны реттеу, әсіресе биржа тауарының бағасын реттеу мүмкін емес", – деп жазды Андрей Чеботарёв.
Бұған дейін Ақтау мен Жаңаөзен халқы сұйытылған
газ бағасына наразылық білдіріп, жолды жауып тастағанын жазған болатынбыз.