Әкімдік Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді
Әкімдік Ақтау мен Жаңаөзендегі жағдайға қатысты пікір білдірді
© Lada.kz
Маңғыстау облысы әкімдігі Ақтау және Жаңаөзен қалаларындағы жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында көлік иелері газ бағасының көтерілуіне келіспейтінін білдіріп митингке шықты. Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жиналғандарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, газ бағасы сұраныс пен ұсыныс бойынша реттелетінін түсіндірді", - делінген әкімдік хабарламасында.
Құқық қорғау органдарының өкілдері ҚР "Бейбіт жиындарды ұйымдастыру туралы" заң жобасы бойынша олардың әрекетін заңсыз деп бағалады.
"Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жиналғандармен кездесу барысында жергілікті атқарушы орган өкілдері қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттігін, оның бұзылуы халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін екенін баса айтты",- делінген хабарламада.
Бұған дейін Президент Жаңаөзендегі жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма бергенін хабарлаған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=5hLD4c-HxoY