Алматы облысында жол апатынан 3 жасөспірім көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан 3 жасөспірім көз жұмды

Алматы облысында жол апатынан 3 жасөспірім көз жұмды, – деп хабарлады өңірлік Полиция департаменті. Nissan Cefiro көлігі 2 қаңтарда 22.20-да Панфилов ауданының Әулиеағаш ауылы маңында жол апатына түсті.

"Көктал – Әулиеағаш автожолында аударылып қалған көлікті Көктал ауылының 15 жастағы тұрғыны жүргізген. Оқиға орнында жүргізуші мен 14-15 жастағы екі жолаушы көз жұмды. Тағы екі жасөспірім түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді", – делінген хабарламада.
Жол апаты фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Көлікті жүргізуге құқығы жоқ жасөспірімге көлікті берген иесіне қатысты ҚР ҚК 349-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірқатар сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған дейін ШҚО-да полиция қызметкері әріптесін қағып өлтіргенін жазған болатынбыз.