Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді
Ақтөбеде сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді
387
оқылды
Ақтөбе тұрғындарының митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды, - деп хабарлады қала әкімдігі.

"Ақтөбеліктердің митинг кезінде қойған екі талабы да орындалды. Бүгін Ақтөбеде бейбіт түрде митингке келгендер жергілікті атқарушы органнан екі мәселені талап етті. Біріншісі - митинг барысында қамауға алынғандарды босату. Бұл талап орындалды - ұсталғандар босатылды. Екіншісі - сұйытылған газ бағасын төмендету. Бұл талап та орындалды - сұйытылған газ бағасы 50 теңгеге дейін төмендетілді", делінген әкімдік таратқан хабарламада.

Бұған дейін, Маңғыстау облысының Жаңаөзен және Ақтау қалаларындағы митингтен кейін Үкімет комиссиясы сұйытылған газ бағасының литрін 50 теңгеге дейін төмендеткен болатын.