Алматы әуежайы жұмыс істей ме?
Алматы әуежайы жұмыс істей ме?
Фото: inbusiness.kz
246
оқылды

Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, қауіпсіздік талаптарының күшеюіне байланысты жолаушылар 3 жарым сағат бұрын әуежайға келуі тиіс.

«Алматы әуежайы штаттық режимде жұмыс істейді. Алматы халықаралық әуежайы аумағында қауіпсіздік шараларының күшеюіне байланысты жолаушылардан рейске алдын ала келуді сұраймыз. Бұрын жолаушылар екі сағат бұрын келсе, енді 3,5 сағат ерте келгені дұрыс» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Алматы қаласында төтенше жағдай жарияланып, шектеулер енгізілгенін хабарлаған болатынбыз.