Астанада қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істейді
CTS компаниясы мәліметінше, астанада қоғамдық көліктер штаттық режимде жұмыс істейді.«Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлік штаттық режимде жұмыс істейді. Карталары бар адамдар картамен төлейді. Халық кейбір жерлерде интернетке байланысты онлайн төлем жасай алмайды. Бірақ бұл үшін ешкімді автобустан түсіріп кетпейді», – деді CTS компаниясының өкілі.
Бұған дейін Алматы әуежайының баспасөз қызметі жолаушыларға 3 жарым сағат бұрын ерте келуді ескерткен еді.