Бүгін әлеуметтік желіде тараған «несиені кешіреді» деген ақпарат рас па?
Бүгін әлеуметтік желіде тараған «несиені кешіреді» деген ақпарат рас па?
Фото: yakutsk.bezformata.com
210
оқылды

Қазақстанда барлық банк штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бүгін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банкі бірлесіп мәлімдеме жасады.

Екінші деңгейлі банктерде жалақы мен зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу және алу, оларды банкоматтар арқылы шешу секілді банк қызметтері үздіксіз жұмыс істеп тұр. Қаржы ұйымдарына тиесілі банкоматтар мен терминалдар қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз етілген.

«Қазіргі уақытта интернет желісіндегі жалпы іркілістерге байланысты банк қосымшалары мен төлем терминалдарының жұмысында уақытша кідіріс бар. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан – несиелерді есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлаймыз» делінген ресми хабарламада.

Кеңселер мен филиалдардың жұмысына қатысты толығырақ ақпаратты банктердің Call-орталықтарынан білуге болады кеңес алу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің +7 (727) 237 10 00 Call-орталығына және Қазақстан Ұлттық банкінің 1477 нөміріне хабарласуға болады.

Бұған дейін Бас прокуратура Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқан адамға қандай жаза қолданылатынын айтқан еді.