Екінші деңгейлі банктерде жалақы мен зейнетақыны, жәрдемақыларды есептеу және алу, оларды банкоматтар арқылы шешу секілді банк қызметтері үздіксіз жұмыс істеп тұр.
Қаржы ұйымдарына тиесілі банкоматтар мен терминалдар қолма-қол ақшамен толық қамтамасыз етілген.
«Қазіргі уақытта интернет желісіндегі жалпы іркілістерге байланысты банк қосымшалары мен төлем терминалдарының жұмысында уақытша кідіріс бар. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан – несиелерді есептен шығару туралы ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде хабарлаймыз» делінген ресми хабарламада.
Кеңселер мен филиалдардың жұмысына қатысты толығырақ ақпаратты банктердің Call-орталықтарынан білуге болады кеңес алу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің +7 (727) 237 10 00 Call-орталығына және Қазақстан Ұлттық банкінің 1477 нөміріне хабарласуға болады.