Тәртіпсіздіктер кезінде теміржол инфрақұрылымы нысандарына залал келген жоқ
Тәртіпсіздіктер кезінде теміржол инфрақұрылымы нысандарына залал келген жоқ
Фото: matritca.kz
224
оқылды
Бұған дейін хабарлағандай, еліміздегі жолаушылар және жүк пойыздарының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді. Қазір теміржол көлігі арқылы жолаушылар тасымалына сұраныс күрт арты. Осылайша, жолаушылар пойыздарының толуы тоқсан пайыздан асты. Сондықтан  «ҚТЖ ҰК» АҚ қосымша пойыздар шығара бастады. 7 қаңтарда «ҚТЖ ҰК» АҚ теміржол билеттерін bilet.railways.kz және kaspi.kz қосымшасы арқылы интернетсіз алу мүмкіндігін ұсынды. Бұл вокзалдардағы билет кассаларының алдында ұзын- сонар кезектің болмауына оң ықпал етті. Сонымен қатар жоғарда аталған сайт пен қосымша арқылы билеттердің бар-жоғы туралы ақпарат алуға болады. 15 мыңнан астам теміржол инфрақұрылымы нысандары бүлінбей, толықтай сақталып қалғаның атап өту қажет. Стратегиялық маңызды нысандарға залал келтірілмеген. Тәртіпсіздіктер кезінде компанияның су, жылу, электро және байланыс қызметтерімен қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшелері мен вокзал шаруашылығы  жұмыс істеп жатыр.