"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмакелдиев ұсталды
"Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмакелдиев ұсталды
Фото: ntv.ru
338
оқылды
Ішкі істер министрлігінің өкілдері қылмыс әлемінің серкесі, «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиевтің ұсталғаны туралы мәлімет жариялады. «Алматыда полицияның арнайы жасағы жүргізген операция барысында «Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмакелдиев бастаған қылмыстық топтың 6 өкілі ұсталды», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Қылмыскерлер оларды ұстау кезінде қарсылық көрсетуге тырысқан. Алайда полицияның табанды әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ойлаған мақсатына жете алмады. «Ұстау барысында күдіктілерден маркалары мен калибрі әртүрлі 4 жартылай автоматты тапанша және олардың оқ-дәрілері, суық қару мен брондалған автомобиль алынды», – деді министрлік өкілдері. Осыған дейін полиция Алматыда қылмыс әлемінде танымал Арман Жұмакелдиевтің ұсталғаны туралы хабарлаған болатын.