4 266 адам ұсталды, арасында шетелдіктер бар – ІІМ
4 266 адам ұсталды, арасында шетелдіктер бар – ІІМ
Фото: biss.kz
171
оқылды
ІІМ жедел штабында 4266 адам ұсталды, олардың арасында шетелдіктер бар. "7-8 қаңтарға қараған түні еліміздің бірқатар өңірлерінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Полиция органдарына барлығы 4 266 адам жеткізілді. Ұсталғандардың арасында шетелдік азаматтар бар", – деп хабарлады ІІМ жедел штабы. Алматыда 7 қаңтарда сағат 20.46-да Қалқаман шағынауданының бірінде патрондар, оқ-дәрілер және ұрланған мүлік (велосипедтер, теледидарлар және ұялы телефондар) тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 100-ден астам адам ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көрші мемлекеттің азаматтары ұсталды. Сондай - ақ Жамбыл облысы елді мекенінде қару-жарақтың бірнеше түрі – автомат пен тапанша табылды.