ІІМ жедел штабында 4266 адам ұсталды, олардың арасында шетелдіктер бар.
"7-8 қаңтарға қараған түні еліміздің бірқатар өңірлерінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша жедел іс-шаралар өткізді. Полиция органдарына барлығы 4 266 адам жеткізілді. Ұсталғандардың арасында шетелдік азаматтар бар", – деп хабарлады ІІМ жедел штабы.
Алматыда 7 қаңтарда сағат 20.46-да Қалқаман шағынауданының бірінде патрондар, оқ-дәрілер және ұрланған мүлік (велосипедтер, теледидарлар және ұялы телефондар) тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Алматы облысындағы ауылдардың бірінде 100-ден астам адам ұсталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, көрші мемлекеттің азаматтары ұсталды.
Сондай - ақ Жамбыл облысы елді мекенінде қару-жарақтың бірнеше түрі – автомат пен тапанша табылды.