ҰАК байланыс, теледидар, интернет үшін ақы алмауға шақырды
ҰАК байланыс, теледидар, интернет үшін ақы алмауға шақырды
Фото: fainaidea.com
353
оқылды
Еліміз үшін қиын кезеңде Ұлттық коммуникациялар және цифрландыру қауымдастығы (ҰАК)  қазақстандықтарды және бірінші кезекте жастарды арандатушылыққа берілмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және тәртіпті тез қалпына келтіруге және бейбіт өмірге оралу үшін бірігуге шақырады. ТЖ  кезінде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық базалық байланыс операторларын жеке тұлғалардан мына қызметтер  үшін ақы алмауға шақырады: 1) Байланыс (қалалық және мобильді); 2) теледидар (IT-теледидарды қоса алғанда); 3) интернет (мобильді және сымды).