Жаппай тәртіпсіздік: ұсталғандар саны 4 мыңнан асты
Жаппай тәртіпсіздік: ұсталғандар саны 4 мыңнан асты
Фото: YouTube
189
оқылды
Еліміздің аумағында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін ұсталғандар саны 4 404 адамға жетті, – деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі жедел штабы. «Еліміздің бірқатар өңірінде құқық қорғау органдары қылмыскерлерді анықтау және ұстауға бағытталған жедел іс шараларды жалғастырып жатыр. Осы сағатта ұсталғандардың саны 4 404 адамды құрап отыр», – делінген ҚР Ішкі істер министрлігі жедел штабының ақпаратында.