Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қандай ауыс-түйіс болды?
Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қандай ауыс-түйіс болды?
Фото: appazov.kz
515
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық қауіпсіздік комитетінде кадрлық ауыс-түйіс болды.

Бақытбек Жамалбекұлы Қосжанов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды; Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Марат Сапарұлы Өсіпов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды; Дәулет Еділұлы Ерғожин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз.