Бүгіннен бастап ақшаны «Қазпошта» бөлімшелерінен алуға болады. Бұл туралы «Қазпошта» акционерлік қоғамы хабарлады, – деп жазады 24.kz.
Бүгін «Қазпоштаның» барлық бөлімшесі ашылады. Зейнетақы алуға болады.«Қазіргі таңда банкоматтарды ақшамен толықтыру басталды. Осы ретте 10 қаңтардан бастап «Қазпошта» бөлімшелері мен банкоматтарыннан ақша шешуге болады. Сонымен бірге, Қазақстан бойынша магистральді бағыттардың іске қосылуына байланысты компания 10 қаңтардан бастап пошталық қызметін қайта бастайды», – деді «Қазпошта» акционерлік қоғамы департаментінің директоры Алина Жанқұлова.
Бұған дейін 6 өңірде банкоматтан ақшамен қамтамасыз етілгенін хабарлаған болатынбыз.