6 өңірде банкоматтар қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіледі –  Ұлттық банк
6 өңірде банкоматтар қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіледі –  Ұлттық банк
Фото: Twitter
207
оқылды
Бүгіннен бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында банкоматтарын қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету ісі жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. «Қазақстан Ұлттық Банкі қаржы жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жағдайы тұрақты жекелеген аймақтарда, атап айтқанда, 8 қаңтардан бастап Ақтөбе, Қызылорда, Шығыс-Қазақстан облыстары мен Шымкент, Ақтау және Түркістан қалаларында екінші деңгейлі банктермен банкоматтарды қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың жалғасып жатқанын хабарлайды», – делінген хабарламада. Ал қазір Kaspi банк пен Halyk Bank-тің мобильді қосымшалары интернетсіз жұмыс істеп тұр.