Алматыда полиция полковнигі жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды
Алматыда полиция полковнигі жедел жәрдем жеткенше қайтыс болды
Фото: tobolinfo.kz
351
оқылды

Алматыда Түрксіб аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Таңат Назанов көз жұмды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін болған.

«Бүгін 10 қаңтарда сағат 11:00-де Түрксіб ауданыдық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Назанов Таңат Жанбайұлы жұмыс орнында жедел жәрдем келгенге дейін кенеттен қайтыс болды. Өлімге жүрек талмасы себеп болды» делінген департамент хабарламасында.

Бұған дейін астанада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигінің мәйіті өз үйінің ауласынан табылғанын хабарлаған болатынбыз.