Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығында 30 градус аяз болады
Еліміздің солтүстік, шығыс және орталығында 30 градус аяз болады
© tengrinews.kz
144
оқылды
Синоптиктер 11-13 қаңтардағы ауа райына арналған болжамын жариялады, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. Синоптиктердің болжауынша, елімізге келген солтүстік-батыс антициклоны аяз тудырады.
"Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына әлі де солтүстік-батыс антициклоны ықпал етуде: кей жерлерде 30, жалпы 20-25°С-қа дейін аяз болады. 12 қаңтарда солтүстік және оңтүстік циклондар өздерімен бірге қар, боран әкеледі, сондай-ақ ауа температурасы қысқа мерзімде көтеріледі. Алайда 13 қаңтарда суық солтүстік-батыс антициклоны артқа қарай жылжып, өзімен бірге еліміздің солтүстік-батысы, солтүстік, шығыс және орталыққа қайтадан 30 градусқа дейін аяз әкеледі", – делінген хабарламада.
Ал Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлеріне келетін болсақ, мұнда оңтүстік циклонның әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, сондай-ақ ауа температурасы 2-10 градусқа біртіндеп көтерілуі мүмкін.