Байлықты еселей алмаса, «Самұрық-Қазынаның» керегі жоқ – Тоқаев
Байлықты еселей алмаса, «Самұрық-Қазынаның» керегі жоқ – Тоқаев
Фото: vlast.kz
231
оқылды

Мәжілістің жиынында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Самұрық-Қазына» қорын реформалау туралы айтты.

Президенттің айтуынша, «Самұрық-Қазына» қорының активі ішкі жалпы өнімінің 60 пайызына жуық. «Самұрық-Қазына» бүкіл экономиканың өркендеуіне тікелей әсер етеді. Қордың KEGOC, ҚТЖ сияқты инфрақұрылымдық компаниялары экономикамыздың барлық дерлік секторының тиімділігін айқындайды. Алайда «Самұрық-Қазына» қоры ұлттық байлықты еселеп, міндетін дұрыс атқарып отыр ма? Қомақты жалақы алатын қызметкерлері, директорлар кеңесі немен айналысады? Қызмет құны өте қымбат консалтинг компанияларын және шетелдік мамандарды жұмысқа тартқаннан пайда бар ма? Сондықтан Үкіметке Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесіп, «Самұрық-Қазынаның» жұмысына қатысты квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалау үшін ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын. Егер «Самұрық-Қазына» жұмысын реформалау мүлдем мүмкін болмаса, ондай құрылымның экономикамызда болмағаны дұрыс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.