«Торпедомен» ойын кейінге қалды
«Торпедомен» ойын кейінге қалды
295
оқылды
Құрлықтық хоккей лигасы «Торпедо» (Нижний Новгород) командасының екі ойынын кейінге шегергенін жария етті. «Барыс» хоккей клубы мәлім еткендей, «Торпедо» командасы­ның 11 ойыншысы мен екі өкілінен коронавирус анықталған. Осыған байланысты ҚХЛ 11 және 13 қаңтар күні өтуі тиіс «Торпедо» - «Барыс» және «Торпедо» - «Куньлунь Ред Стар» матчтарын өткізбеу туралы шешім қабылдады. Аталмыш қос бәсеке турасындағы шешім кейін белгілі болады. «Барыс» командасы енді Мәс­кеуге ұшады. Одан кейін автобус­пен Подольскіге барады. 13 қаңтар күні Юрий Михайлистің шәкірт­тері «Витязь» командасымен кез­деседі.

Әбілмансұр ЖАСАН