Атыс-шабыс салдарынан кәсіпкерлер 103 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырады
Атыс-шабыс салдарынан кәсіпкерлер 103 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырады
Фото: tengrinews.kz
174
оқылды

Бүгінгі мәлімет бойынша, жаппай тәртіпсіздік кезінде кәсіпкерлер 103,7 млрд теңгеден астам шығынға ұшырады. Бұл туралы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы хабарлады.

Байланыс орталығына 4 833 қоңырау түсті. Мародерлық мәселесі бойынша – 1988, форс-мажор – 246, блок-бекеттер – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 17, бизнесті қалпына келтіру және зардап шеккен мүлікті бағалау – 271, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар саны – 1946. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 11 өңірде 1615 бизнес нысаны зардап шеккенін анықтады. Соның ішінде Алматы қаласында 1506 субъект бүлінгенін.

Зардап шеккен бизнес салалар бойынша: сауда – 1482; қоғамдық тамақтану – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5. Шығынның жалпы сомасы алдын ала есепке сәйкес 103,7 млрд теңгеден асты (Алматыда 102,2 млрд теңге).

Алматы қаласы мен облысы, Шымкент пен Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Ақтөбе облысында бизнес нысаны қирады.