Үш министрлік бірлесіп, утилизациялық алым мәселесін шешпек
Үш министрлік бірлесіп, утилизациялық алым мәселесін шешпек
Фото: businessmir.kz
150
оқылды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов утилизациялық алым мәселесін шешуді үш министрлікке тапсырды.

Осы проблеманы реттеу үшін Экология, Қаржы және Ұлттық экономика министрлігі бірлесіп, Үкіметке ұсыныс әзірлейді. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін нақты механизм керек.

«Утилизациялық алым мәселесі бойынша Экология, Қаржы мен Ұлттық экономика министрлігі, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен және ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, нақты іске асыру механизмі мен тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырамын», – деді Әлихан Смайылов.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев утилизациялық алым проблемасын шешуді тапсырды.