Қазақстан паспортымен 75 елге визасыз баруға болады
Қазақстан паспортымен 75 елге визасыз баруға болады
©А.Ахметқазы

Henley Passport Index – бұл әлем елдерінің паспортының беделін анықтайтын рейтинг. Тізімнің басында Азияның қос алпауыты Жапония мен Сингапур елдері тұр. Бұл елдердің азаматтары 192 елге визасыз бара алады. Ал қазақстандықтар әзірге 75 елге ғана визасыз кіреді.

Индекс халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) эксклюзивті мәліметтеріне негізделген. Мәліметтерді Henley & Partners зерттеу тобы толықтырып, уақытылы жаңартып отырады. Жалпы, индексте 199 елдің құжатының мәліметі тіркелген. Бұл елдердің тұрғындары 227 бағыт бойынша саяхаттауға мүмкіндігі бар. Қазақстан рейтинг тізімінде Суринам мен Эсватини елдерінің арасында орналасқан. Еліміздің құжатымен визасыз 75 мемлекетке баруға болады. Ал Ресей Федерациясы 46 орында тұр. Олардың азаматтары визасыз 119 елге бара алады. Орталық Азия елдерінің барлығы Қазақстаннан кейінгі сатыдан көрінді. Мәселен, Өзбекстан азаматтары визасыз 57 елге кіре алады. Үздік үштіктен Германияны көруге болады. Бұл елдің азаматтары 190 елге визасыз саяхаттауы мүмкін. Тізімнің соңында табан тіреген – Сирия, Ирак, Ауғанстан. Бұл елдің құжатымен тек 30-ға жуық мемлекетке виза толтырмай бара аласыз.