Арман Оспанов француздық файтермен жекпе-жек өткізеді

Арман Оспанов француздық файтермен жекпе-жек өткізеді

Аралас жекпе-жектен Eagle FC лигасы 28 қаңтарда Майамиде (Флорида, АҚШ) болатын EFC 44 турниріне тағы екі жекпе-жекті қосты. Оның бірі – қазақстандық файтер Арман Оспановтың (11-4) қатысуымен өтетін айқас.

Арманның қарсыласы – кикбоксингте Гига Чикадзені жеңіп шыққан әйгілі француздық Дилан Сальвадор. Қос файтер арасындағы кездесу елорда уақытымен 29 қаңтар күні таңертең өтеді.   Айта кетейік, Оспанов осыған дейінгі жекпе-жегін маусым айында Нью-Джерсиде (АҚШ) PFL 4 турнирінде өткізіп, америкалық Крис Уэйдті (20-7) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.