Сот шешімімен "Дикий Арман" екі айға қамауға алынды
Сот шешімімен "Дикий Арман" екі айға қамауға алынды
Қылмыс әлемінің серкесі "Дикий Арман" лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев Нұр-Сұлтан қалалық сотының шешімімен екі айға қамауға алынды. 
"Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Арман Жұмагелдиевке қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын белгіледі", – делінген хабарламада.
Соталды тергеп-тексерудің өзге деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге ​​жатпайды.
Бұған дейін Арман Жұмагелдиев ұсталғанын жазған болатынбыз.