Сәдуақас Байғабұлов Алматының бас санитар дәрігері міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл ақпаратты Сәдуақас Байғабұлов растады.
«5 қаңтардан бастап, мен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері міндетін уақытша атқарып жүрмін», - деп жауап берді ол.Бұған дейін Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты қызметінен кететіні туралы жазған болатынбыз.