Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметінен кетеді
Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметінен кетеді
© tengrinews.kz
Жандарбек Бекшин Алматының бас санитар дәрігері қызметінен кетеді.  Алматының бас санитар дәрігері, ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы  Жандарбек Бекшин зейнетке шығуына байланысты 5 қаңтардан бастап қызметінен кетеді. 27 желтоқсаннан бастап ол еңбек демалысына шығады.
"Менің келісімшартым аяқталды. "Мемлекеттік қызмет" туралы  заңға сәйкес зейнеткерлерге бір жылға келісімшартты ұзартуға болады. Маған бір рет ұзартылғандықтан, екінші рет болмайды. Сондықтан мен қаңтарда жұмыстан кетемін", – деп хабарлады  "БЕСсимптомно" Телеграм-арнасына Бекшин.