Қуат Хамитов тұтқындалып, таяқ жеген соң спортта мансабын аяқтады – видео
Қуат Хамитов тұтқындалып, таяқ жеген соң спортта мансабын аяқтады – видео
Фото: ult.kz
247
оқылды

Алматыда тұтқындалған жекпе-жек шебері Қуат Хамитов спорттағы мансабын аяқтағанын Instagram-дағы парақшасында жазды.

Ол тұтқындалған кезде жапа шеккенін айта келе спортта мансабын аяқтағанын айтты.
«Әлі де болса бес жылдай шаршы алаңда мықтылығымды көрсетіп, дәлелдеймін деп ойлаушы едім. Алайда спорттық мансабымды аяқтауды жөн деп ұйғардым. Бұл жайтқа құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысы жоқ. Ресми түрде спорттық мансабымды аяқтадым. Өмірімнің жаңа кезеңін бастаймын», – деді Қуат Хамитов.
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ★★★??????★★★ (@kuat__khamitov)

Бұған дейін Қуат Хамитов тұтқындалғанын хабарлаған болатынбыз.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от ★★★??????★★★ (@kuat__khamitov)