Қуат Хамитовтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды
Қуат Хамитовтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды
© arasha.kz
Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов ұсталды, – деп хабарлады ZTB|Qazaqstan  Telegram-арнасы.
"Қазақстандық ережесіз жекпе-жек жауынгері Қуат Найман Хамитовты бүгін күш құрылымдары өз үйінен ұстап әкетті. Ол қазір Алматы қаласы бойынша ҰҚК департаментінде екені белгілі болды.  Бұрын ол бейбіт митингтерге қатысқан және адамдарды тыныштық сақтауға шақырған", – делінген хабарламада.
Бұған дейін Мәжіліс депутатының ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталуына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.