Бүлікшілер қиратқан Алматы әуежайынан бүгін бірінші рет жолаушылар ұшағы ұшты  

Бүлікшілер қиратқан Алматы әуежайынан бүгін бірінші рет жолаушылар ұшағы ұшты  
Фото: kapital.kz

Алматыда бүлікшілер талқандаған әуежайдың жұмысы қалпына келді.

Жолаушылар «Алматы–Нұр-Сұлтан» бағытына сапарға шықты. Бұл туралы ИИДМ хабарлады.

Ішкі және халықаралық рейстер әуе компанияларының ұшу кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан-Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша келесі рейстерді орындау жоспарлануда:

Air Astana KС-601 Алматы (10-40) - Нұр-Сұлтан (12-25) Нұр-Сұлтан (13-25) - Алматы (15-05) KС-609 Алматы (16-10) - Нұр-Сұлтан (17-55) Нұр-Сұлтан (18-55) - Алматы (20-35)

SCAT DV-713 Алматы (12-00) - Нұр-Сұлтан (13-40) DV-714 Нұр-Сұлтан (14-40) - Алматы (16-05)

Qazaq Air IQ-353 Алматы (06-55) - Нұр-Сұлтан (08-55) IQ-354 Нұр-Сұлтан (09-35) - Алматы (11-25).

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.