Қазақстанда жаппай қырғын, қақтығыс басталғанда елімізге ҰҚШҰ-ның 2500 сарбазы мемлекеттік мекемелерді күзету үшін әкелінген еді.
Бүгін ҰҚШҰ Бас хатшысы Станислав Зась Алматыға барып, ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің қолбасшысы генерал-полковник Андрей Сердюковпен бірге Алматыдағы ахуалмен танысып, арнайы күзетілген пункттерді аралайды.
«Бүгін біз ҰҚШҰ әскері күзеткен нысандарды жергілікті қауіпсіздік күштеріне береміз. ҰҚШҰ әскерін Қазақстаннан шығаруды бастаймыз. Салтанатты түрде әскерлерді кезең-кезеңімен алып кетеміз. Мемлекет басшылары 10 күнде ҰҚШҰ әскерін Қазақстаннан шығаруды тапсырды. Бізге он күн жеткілікті», – деді Станислав Зась.