Ұлттық қауіпсіздік комитеті 14 өңірде қауіптің сейілгенін хабарлады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 14 өңірде қауіптің сейілгенін хабарлады
Фото: nv.ua
476
оқылды

Қазақстанның 14 өңірінде тыныштық орнады.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Республикалық жедел штаб Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының аумақтарында терроризмге қарсы операцияның аяқталғанын және террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі жойылды. Ескерер жайт, Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында жаппай тәртіпсіздік кезінде террористік және өзге де қылмыстық әрекетке қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша шаралар іске асырылуда. Сондықтан үш өңірде терроризмге қарсы операция жалғасып, террористік қауіптің шекті «қызыл» деңгейі сақталып тұр.

«Шешімді РЖШ басшысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 9 тамыздағы «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы» № 611 жарлығының талаптарына сәйкес қабылдады» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін ҰҚШҰ әскері елден шығарылатынын хабарлаған болатынбыз.