Nur Otan: өртенген, бүлінген ғимараттар ретке келтіріле бастады
Nur Otan: өртенген, бүлінген ғимараттар ретке келтіріле бастады
©Tengrinews
276
оқылды

Елдегі дүрбелең кезінде көп ғимараттар бүлініп, өртенген болатын. Соның арасында Nur Otan партиясының филиалдары орналасқан ғимараттар да бар. Бүгінгі таңда сол ғимараттарды ретке келтіру жұмыстары басталды.

Nur Otan партиясы жергілікті әкімдіктермен бірлесе отырып, қиратылған ғимараттардың залалын бағалау жөніндегі комиссия құрды. Мысалы, республика бойынша Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Қызылорда қалалық, Жамбыл облысындағы Шу аудандық филиалдардың 4 кеңсесі комиссияның қарауына енді. Ал Алматы облыстық және Алматы қаласындағы Әуезов аудандық 2 ғимараты бағалау комиссиясына тапсырылды. Шымкент қалалық филиал "Отау Строй" ЖШС демеушілігімен қалпына келтірілетін болып, келісім жасалды. Бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмысы кезінде филиалдар басқа мекенжайға көшіріледі. Атап айтсақ: Алматы облыстық филиал Талдықорған қалалық филиалға, Жамбыл облыстық партия филиалы сот ғимаратына, Қызылорда облыстық және қалалық филиалдары Қорқыт Ата атындағы университеттің ғимаратына және Шу аудандық филиалы аудан әкімдігінің ғимаратына ауысты.