Бұрынғы Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңа қызметке тағайындалды. Бұл туралы Akorda.kz хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды" делінген ресми хабарламада. Мағзұм Мырзағалиев 2019 жылы Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған. Ол 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы «Тұран» университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар экономисті мамандығы бойынша тәмамдаған. 2000-2001 жылдары — Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы. 2001-2002 жылдары — «MI Drilling Fluids International» Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері. 2002-2004 жылдары — Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларының тағылымгері. 2004-2007 жылдары — «MI Drilling Fluids International» Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері. 2007-2010 жылдары — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры. 2010-2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры. 2012-2013 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары. 2013 жылдың қазанынан бастап – ҚР мұнай және газ вице-министрі. 2014 жылдың тамызынан 2019 жылға дейін – ҚР энергетика вице-министрі.