Самат Әбіш қазіргі уақытта еңбек демалысында – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Самат Әбіш қазіргі уақытта еңбек демалысында – Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Фото: kazislam.kz
213
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты түсінік берді.

«Келіп түскен сұрауларға сәйкес, ҚР ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш өз қызметінде екенін хабарлаймыз. Қазіргі уақытта ол жыл сайынғы еңбек демалысында» делінген хабарламада.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.