«Қазгидромет» синоптиктері 15-17 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ауа райына Баренц теңізі аймағынан келетін циклон әсер етеді. Ел аумағында жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ, жылдамдығы 15-28 м/с жел болады. Сондай-ақ батыс, солтүстік, оңтүстікте жел екпіні 30 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Термометр бағаны 17 қаңтарға қарай, түнде батыста 5-13 градус аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 градус, елдің оңтүстігінде -5 градус аяз болады.Бұған дейін ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.