Алматыда такси жүргізушісі қоқыс жәшігіне қару жасырған адамды анықтауға көмектесті
Алматыда такси жүргізушісі қоқыс жәшігіне қару жасырған адамды анықтауға көмектесті
183
оқылды

Алматыда такси жүргізушісі тонаушыны анықтауға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіпсіздікке қатысушы ірі қару-жарақ дүкенін тонағаны белгілі болды.
"Әуезов ауданының полиция қызметкерлері И. есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және басқа да заңсыз әрекеттерге қатысқанын анықтады. Сонымен қатар, ірі қару дүкенін тонап, 10 патроны бар BrowntnG тегіс ұңғылы мылтығын ұрлап кеткен. Қылмыскер мылтықты 5-ықшамауданындағы аулалардың бірінің қоқыс жәшігіне жасырған", – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше, бірнеше күннен кейін күдікті таксимен қаруды жасырған орынға келген.
"Тұтқындау кезінде И. есімді ер адам әскери киімде болған. Оны қайдан алғаны тергеу барысында анықталады. Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алматы қаласының комендатурасы қамқор тұрғындарға белсенді азаматтық ұстанымы және қалада құқықтық тәртіпті орнатуға көмектескені үшін алғысын білдіреді", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі өкілі.